Қозғалыс қауіпсіздігі

МАҢЫЗДЫ
Жол мен алқапта қозғалу кезіндегі қауіпті жағдайлар
Тракторға ілінген немесе тіркелген агрегаттар, сонымен бірге алдыңғы немесе артқы балласттар трактордың жүріс сипаттарына және бұрылу мен тежеу әрекеттеріне әсер етеді. Жүріс сипаттарына, сондай-ақ жұмыс күйі, толтыру немесе жүк тиеу және астыңғы бет әсер етеді. Жүргізуші өзгерген жүріс сипаттарын ескермеген жағдайда, апаттық жағдай орын алуы мүмкін.

Әрдайым трактордың жеткілікті бұрылу және тежеу мүмкіндігіне назар аударыңыз.

Трактор өзінің және ілінген агрегаттың белгіленген тежеу кезіндегі баяулауын қамтамасыз етуі тиіс.

Қозғалысты бастамас бұрын тежеу тиімділігін тексеріңіз.

Жеткілікті бұрылу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, трактордың алдыңғы осі трактордың өз салмағының кемінде 20 % шамасына жүктелген болуы керек.

Қажет болса, алдыңғы балластты пайдаланыңыз.
Алдыңғы немесе артқы балластты әрқашан мұндай бекіту нүктелеріне ережелерге сәйкес бекітіңіз.
Ілінген немесе тіркелген машинаның рұқсат етілген пайдалы жүктемесін есептеп, назарға алыңыз.
Трактордың білігі мен тірегіне түсетін ұйғарынды жүктемені сақтаңыз.
Тартылыс-тіркейтін құрылғы мен оқ ағаштың рұқсат етілген тірек жүктемесін сақтаңыз.
Агрегаттың рұқсат етілген тасымалдау ені мен биіктігіне назар аударыңыз.
Басқару әдісін тракторды ілінген немесе көтерілген агрегатпен қауіпсіз жүргізе алатындай етіп реттеңіз. Жеке қабілеттеріңізді, жол, қозғалыс, көрініс пен ауа райы шарттарын, трактордың жүріс сипаттарын және ілінген агрегаттың әсерлерін есепке алыңыз.
МАҢЫЗДЫ
Жолда қозғалған кезде агрегатты бақылаусыз бүйірлік қозғалыстарынан апат қаупі бар
Трактордың төменгі иінтірегін жолда қозғалу үшін бұғаттаңыз.
МАҢЫЗДЫ
Агрегатты жолда қозғалуға дайындау
Агрегат жолда қозғалуға тиісінше дайындалмаған кезде, жол қозғалысында елеулі апаттық жағдайлар орын алуы мүмкін.
Жолда қозғалуға арналған жарық пен идентификацияның жұмысын тексеріңіз.
Ірі кірді агрегаттан кетіріңіз.
Айналма маякты ұлттық ережелерге сәйкес пайдаланыңыз.
Жұмыс жарығын өшіріңіз.
Трактордың басқару блоктарын құлыптаңыз.
"Агрегатты жолда қозғалуға дайындау" тарауындағы нұсқауларды орындаңыз.
МАҢЫЗДЫ
Агрегатты тоқтату
Тоқтатылған агрегат аударылуы мүмкін. Адамдар қысылып қалуы немесе қазалы жарақат алуы мүмкін.
Агрегатты тек берік әрі тегіс бетке қойыңыз.

Реттеу немесе күтім көрсету жұмыстарын өткізбес бұрын,

агрегаттың қауіпсіз күйіне назар аударыңыз. Күмәнді жағдайда агрегатты тіреңіз.
Агрегатты тоқтату тарауындағы нұсқауларды орындаңыз.
МАҢЫЗДЫ
Қараусыз қалдыру
Жеткіліксіз бекітілген және қараусыз қалдырылған трактор және тіркелген агрегат адамдар мен ойнап жүрген балалар үшін қауіпті болып табылады.

Агрегатты қалдырмас бұрын,

трактор мен агрегатты тоқтатыңыз.
Трактор мен агрегатты бекітіңіз.
МАҢЫЗДЫ
Жолда жүру барысында басқару компьютерін немесе басқару терминалын пайдаланбаңыз
Егер жүргізуші назары басқа нәрсеге аударылса, бұл жазатайым оқиғалар мен жарақаттарға, тіпті өлімге дейін әкелуі мүмкін.
Жолда жүру барысында басқару компьютерін немесе басқару терминалын басқармаңыз.